«ВКонтакте» - Орталық Азия мен Шығыс Еуропадағы ең танымал әлеуметтік желі. Аталған желінің қазіргі таңда 250 миллионнан астам қолданушысы болса да, әлемде 8-орынға тұрақтаған. Сондықтан компания басшылығы бәсекелеске қабілетті болу үшін өзінің мессенджерін шығармақ. Бұл туралы «ВКонтакте» операциялық директоры Андрей Рогозов хабарлады.
Жаңа мессенджер ақпарат алмасудың тиімді әрі қауіпсіз жолын ұсынады. Андрейдің айтуынша, қазіргі кезде бағдарламашылар жаңа мобильді протоколды құрастыру үстінде. Жаңа бағдарламалық қамту ғаламтордың баяу жұмысы кезінде де жылдам хабарлама жіберу мүмкіндігімен қамтамасыз етеді. Мессенджер iOS, Android, Windows Phone және OS X платформаларына бейімделмек.
Кейбір сапаршы мамандардың мәлімдеуінше, «ВКонтакте» әлдеқашан Шығыс Еуропаның негізгі мессенджеріне айналған. Тек оның ақпарат алмасу платформасы жылдам жұмыс істемейді. Сондықтан компания басшылығы "ВК" аудиториясына жаңа мобильді өнім ұсынып, тіркелушілер санын арттырмақ.