Вивальди, Пьяццолла және "Астана Опера"

"Астана Опера" Жаңа жылды мазмұнды музыкалық бағдарламалармен қарсы алады, олардың қатарында "Вивальди және Пьяццолламен бірге Жаңа жыл" концерті бар. 27 желтоқсанда "Астана Опера" Симфониялық оркестрінің бірінші скрипкасы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бағдат Әбілханов пентеатрдың Камералық оркестрі көрермендерге өз шеберліктерін паш етеді. Италиялық барокко мен аргентиналық танго жауһарлары Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, дирижер Айдар Әбжахановтың жетекшілігімен орындалады.


Бағдат Әбілханов. Фото: Астана Опера баспасөз қызметінен

Айдар Әбжахановтың сахнадағы еңбек өтілі мол. Ол жетекші әлемдік театрларда бірнеше мәрте өнер көрсетіп, аңызға айналған италиялық La Scala театрында тағылымдамадан өткен. Savaria Symphony оркестрімен бірге Bartok фестиваліне (Сомбатхей, Венгрия), Австрия астанасы Венадағы Vidin Philarmonic Orchestra базасында Золтан Пешконың, Сальвадор Мас Конденің шеберлік сабақтарына қатысқан. Қоюшы дирижер ретінде ондаған балет спектаклін жүзеге асырды.

Дирижер таяқшасының сермеуімен XVII ғасырдың венециялық рухы Антонио Вивальдидің музыкасында жанданады, сондай-ақ оның жетекшілігімен "Астана Опера" Камералық оркестрі тыңдармандарды Астор Пьяццолла жасаған Буэнос-Айрестің атмосферасына жетелейді.

Концерттің бірінші бөлімінде "Астана Опера" музыканттары А.Вивальдидің "Жыл мезгілдері" концерттер топтамасын ұсынады. Шұғылалы көктемнен бастап, ғажайып қысқа дейін әрбір композиция тыңдармандарға керемет музыка арқылы түрлі маусымдардың ерекшеліктерін ашады. Бұл Вивальдидің және жалпы барокконыңең танымал туындыларының бірі. XX ғасырдың соңына дейін аталмыш музыкалық топтаманың 200-ден астам жазбасы шығарылды, олардың біреуі классикалық музыка саласында әлемдік сауда-саттық рекордын орнатты. "Жыл мезгілдерінің" түрлі музыкалық аспаптарға арналған әрлеулерітанымал, сондай-ақ топтама тақырыптары поп және рок музыкада, кинода және мұздағы билерді сүйемелдеуде кеңінен қолданылады.

Кештің екінші бөлімінде А.Пьяццолланың "Буэнос-Айрестегі жыл мезгілдері" шырқалады. Пьяццолланың"Күзі" , "Қысы" , "Көктемі" мен "Жазы" құштарлыққа, ырғақ пен бейнелілікке толы. Композитордың өзі оларды бірге, сондай-ақ бір-бірінен жеке де орындаған.

Бағдат Әбілхановтың скрипкадағы жеке өнер көрсетуі мен оркестрдің үйлесімділігінің арқасында бұл концерт музыкалық оқиға болып қана қоймай, уақыт пен кеңістікке нағыз саяхат болмақ. "Астана Опера" түрлі дәуірлер мен мәдениеттерді біріктіретін музыканың мәңгілік екенін еске салып, көрермендерге өнердің ғажайыбын тарту етеді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!