- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Вице-премьер Жұманғарин үйде...
Вице-премьер Жұманғарин үйде сусыз қалғанда не істейтінін айтты
Фото:
Видеодан алынған кадр
Премьер-министрдің орынбасары - сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Астанадағы су тапшылығына қатысты сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Сусыз қалғанда не істейсіз? Туыстарға барасыз ба?" - деп әзілдеп сұрады журналистер вице-премьерден Үкімет кулуарында.
"Ыстық су бермейді, салқын су, кешке таман", - деп жауап берді Серік Жұманғарин күлімсіреп.
Үйіңізде ауызсуы бар ма, деген сұраққа ол: "Жоқ, бөтелке ыдыста" - деп жауап берді.
Бұған дейін Премьер-министрдің орынбасары, Астананың бұрынғы әкімі Алтай Көлгінов елордада қосымша су құбыры осы айда қосылатынын айтқан болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек