- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Вице-министр Шолпан Каринова...
Вице-министр Шолпан Каринова мектеп бітіру кештері қалай өтетінін түсіндірді
Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шолпан Каринова биыл мектеп бітіру кештері қалай өтетінін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Каринованың сөзінше, соңғы қоңырауды 1 маусымда Балаларды қорғау күніне орайластырып, сол форматта өткізу ұсынылған.
"Тағы бір айта кететін мәселе 9, 11-сынып түлектері бітіру емтихандарын тапсырады. 9-сынып оқушылары қорытынды емтихандарын 2-13 маусым аралығында өткізеді. Ал 11-сынып бітірушілері үшін мемлекеттік емтихан 5 - 19 маусым аралығында өтеді. Аттестат тапсыру бойынша салтанатты шаралар өткізіледі. Бұл шараларды өткізуді 20, 21, 22 маусым күндері өткізуді ұсынамыз", - дейді вице-министр ОКҚ брифингінде.
Шолпан Каринова сынып сағаттары қалай өтуі керегін түсіндірді.
"Салтанатты түрде аттестат тапсыруды өткізген кезде педагогикалық этиканы сақтап, сыбайластық құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында ата-аналардан іс-шараны өткізуде аниматорларды, мерекелік кеш ұйымдастыратын агенттіктерді, жеке студияларды жалдап шақыру үшін қаражат жинауға тыйым салынады және педагогтерге, мектеп әкімшіліктеріне сыйлық жасауға ата-аналардан қаржы жинауға тыйым салынады", - дейді Каринова брифингте.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина