Рүстем Құрманов қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"ҚР Үкіметінің қаулысымен Рүстем Жомартұлы Құрманов берген өтінішіне сәйкес Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды", - делінген хабарламада.
Құрманов Рүстем Жомартұлы 1981 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов ауданы, Новоишимск ауылында дүниеге келген.
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін "Агроөнеркәсіптік кешен секторындағы экономика және менеджмент" мамандығы бойынша бітірді. Экономика ғылымдарының кандидаты.
Еңбек жолын 2003 жылы ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ақмола облыстық аумақтық басқармасының Экономикалық талдау бөлімінің жетекші маманы ретінде бастаған.
2012-2013 жылдары ҚР АШМ инвестициялық саясат департаментінің директоры қызметін атқарған.
2013-2015 жылдары - ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы.
2015 жылдан бастап 2016 жылға дейін ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының агроөнеркәсіптік кешенінде комитет хатшысы болып жұмыс істеген.
2017 жылдың шілде айынан бастап ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі лауазымын атқарған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!