Вице-министр, комитет төрағасы: биыл ақша жымқырғаны үшін қанша шенеунік ұсталды?

Вице-министр, комитет төрағасы: биыл ақша жымқырғаны үшін қанша шенеунік ұсталды?
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Жыл басынан бері 660 адам жемқорлыққа қатысты істі болған. Оның 104-і басшы қызметін атқарған. Әшкереленгендер арасында кімдер бар? Толығырақ Massaget.kz материалында. 

Антикор мәліметінше, биыл 5 айдың қорытындысы бойынша елімізде жемқорлыққа қатысты 947 қылмыс тіркеліп, 660 адам әшкереленген.

Оның 104-і – әртүрлі деңгейдегі басшы: 13 республикалық және 45 облыстық буынның басшысы.

Әшкереленгендердің арасында

  • бұрынғы мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапанов;
  • ТЖ жөніндегі бұрынғы бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев;
  • Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің бұрынғы вице-министрі;
  • Экология министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы; 
    "Жасыл технологиялар және инвестициялық жобалардың халықаралық орталығы" КЕАҚ басқарма төрағасы;
  • "Спортты дамыту дирекциясы" РМҚК экс-директоры;
  • Маңғыстау облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы;
  • Солтүстік Қазақстан облысының қорғаныс істері департаментінің бастығы;
  • Шымкент қаласының – тұрғын үй басқармасы басшысының міндетін атқарушы;
  • Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Ұлытау" ұлттық табиғи паркі директорының міндетін атқарушы;
  • Ұлытау облысы бойынша мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы және басқалар.

Әшкереленген 660 адамның 384-і - шенеунік (лауазымды адамдар, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар, оларға теңестірілген адамдар, жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар - еск.).

Өңірлер бойынша Астанада 45, Шымкентте 34, Алматыда 24, Алматы облысында 30 және Түркістан облысында 29 лауазымды адам ұсталған. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек
Logotype Massaget