Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Дмитрий Мун мемлекеттік тілді қалай үйреніп жатқанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
ӨКҚ брифингінде журналистер Дмитрий Муннан мемлекеттік тілді қандай сервистер көмегімен үйреніп жатқанын және өзгелерге қандай бағдарламалармен оқуға кеңес беретінін сұраған.
"ChatGPT қолданамын. Алдымен әріптестеріммен бірге есеп дайындаймын да, ChatGPT-ден оны жеңілдетуін сұраймын, яғни күрделі сөйлемдердің орнына қарапайым сөйлемдер жазуын сұраймын. Кейін ChatGPT-ден осы мәтіннің соңында "рақмет" деген сөз қосуды өтінемін. Ол мәтінді қайта жазғанда, оның "дауыстап оқу" деген функциясын қолданамын. Мәтінді дауыстап оқуын сұрағанда, ол дұрыс интонациямен белгілі бір сөздерді қалай дұрыс айту керек екенін көрсетеді. Кешке құлаққаппен қалай дұрыс айту керек екенін тыңдаймын, осылайша онлайн режимде білімімді одан әрі толықтыруға тура келеді", - деді Дмитрий Мун.
Айта кетейік, бұған дейін премьер-министр Олжас Бектенов Дмитрий Мунды сөзінде тұрып, Үкімет отырысында қазақ тілінде баяндама жасағаны үшін мақтаған болатын.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова