Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шолпан Каринова биылғы оқу жылының соңындағы өзгерістер туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Вице-министрдің сөзінше, биыл 172 мың оқушы 11-сыныпты бітіреді.
"Оқу-ағарту министрлігінің бұйрығына сәйкес, мектептегі оқу мерзімі 31 мамырда аяқталады. 30 мамыр соңғы оқу күні. Бұл күні барлық мектепте әдеттегідей сабақ кестесіне сәйкес оқу сабақтары жүргізіледі", - дейді Шолпан Каринова ОКҚ брифингінде.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!