- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Вице-министр астаналықтарды көлік...
Вице-министр астаналықтарды көлік кептелісіне позитивпен қарауға шақырды
Көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров астаналықтарды көлік кептелісіне позитивпен қарауға шақырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сенат кулуарында вице-министрге "Астана қонақтары мен тұрғындары ыстықта неге көлік кептелісінде тұруға мәжбүр? Сол жағалауға қараңызшы. Жол жөндеу жұмыстары дұрыс жоспарланбаған ба?" деген сұрақ қойылды.
Мақсат Қалиақпаров мәселе жергілікті әкімдікте талқыланғанын жеткізді.
"Жол құрылысы министрліктің нормативтік құжаттары арқылы реттеледі. Бірақ жол құрылысын жергілікті әкімдіктер жүргізеді. Автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі басқармасы бар. Олар мұның бәрін жоспарлап отыр, ГАСК бар. Биыл немесе былтыр Астананың дамуы кеңінен талқыланды. Жиынға журналистер мен тұрғындар қатысты", - деді министрдің орынбасары.
Оның пікірінше, қаладағы көлік кептелісіне позотивпен қарау керек.
"Көлік кептелісі жоспардағы жол жөндеу жұмыстарына байланысты. Көлік кептелісі болса, даму болады. Даму дегеніміз жақсы", - деді Мақсат Қалиақпаров.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
А. Есен