Вирусолог коронавирустың жаңа түрінен қалай қорғану керегін айтты

Коронавирус мутацияға жылдам ұшырағанымен, одан жазылу қиынға соқпайды. Бұл туралы вирусолог Александр Чепурнов айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Москва 24-ке" сілтеме жасап.

Жақында елде коронавирустың жаңа түрі тараған болатын. Жаңа KP.3 және LB.1 штаммы тарады. Оларды басқа түрлермен салыстырғанда инфекция көп болады.

Вирусологтың айтуынша, коронавирустың иммунитетке төзімді жаңа түрі айтарлықтай ерекше емес.

"Коронавирус антигендік портретке қарсы ескірген вакциналар жасалған жерлерде тез мутацияға ұшырайды. Вакцина арқылы алынған иммунитет ескірді", - деп ескертті Александр Чепурнов.

Коронавирустың ауруы жеңілдеп жатыр. Болашақта ол да ЖРВИ секілді, қарапайым инфекциялық ауру болады.
 
Оның айтуынша, бүгінде адамдардың көпшілігі коронавирусқа назар аудармайды, тіпті нақты немен ауырғанын түсінбейді. Алайда егде жастағы және иммунитеті төмен адамдар коронавирус жұқтырса да қатты ауырады.

"Бірақ өлім-жітім, ауруханаға жатқызу және желдеткішке қосылу қажеттілігі айтарлықтай төмендеді. Жағдай арнайы ауруханаларға баруды қажет етпейді", - деді сарапшы.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!