Үстелде қалып қойған майонез қосылған салат, базардағы күмәнді саңырауқұлақтар, кептірілген балық, нашар қуырылған ет. Мұның бәрі тамақтан улануға әкеп соқтыруы мүмкін. Бірақ оны ішек инфекциясынан қалай айыруға болады? Бұл туралы гастроэнтеролог, гепатолог Александра Яковлева айтты, - деп хабарлайды "Доктор Питер".
Тамақтан улану - ағзаға патоген бактериялардың немесе улы заттардың тағам арқылы түсуінен туындаған бұзылыс. Тамақтан уланудың алғашқы белгілері ұзақ күттірмейді. Тамақтанғаннан кейін 2-4 сағаттан кейін адам өзін нашар сезінуі мүмкін.
"Симптомдарды бастапқы және қайталама деп бөлуге болады. Бірінші түрге іштің ауыруы, әлсіздік және жүрек айну сезімі жатады. Біртіндеп оларға басқа белгілер қосылады: құсу, диарея, бас ауруы. Ал тамақтан қатты уланса, ұстама болып, температура жоғарылауы мүмкін", - дейді маман.
Дәрігер тамақтан уланудың белгілерін атап берді.
"Кез келген тамақтан улану кезінде жасына, денсаулығына байланысты мына белгілердің біреуі немесе бірнешеуі бірден пайда болуы мүмкін: құсу, іш ауыруы, сұйық нәжіс (диарея) 2-3 реттен 20 немесе одан да көп ретке дейін, жүрек айнуы, температура жоғарылауы (улану кезінде, әдетте, төмен болады және ұзаққа созылмайды), әлсіздік, бет әлпетінің бозаруы, зәр мөлшерінің азаюы, бас айналу және естен тану", - деді маман.
Бұл белгілер тамақтан уланудың көпшілігіне тән. Дегенмен олар кейде әртүрлі болуы мүмкін. Әдетте ол өнім түріне байланысты болады. Сонымен қатар, адам саңырауқұлақтан уланса, басқаша белгілер болуы мүмкін. Бұл кезде жағдай ұзақ уақыттан кейін нашарлайды. Симптомдар 12 сағаттан кейін байқалады. Саңырауқұлақтан уланған адамда жүрек айнуы мен құсудан бөлек, оның көру қабілеті нашарлауы мүмкін. Сондай-ақ, қан қысымы күрт төмендейді, тыныс алу проблемалары пайда болады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!