- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Виктория деп хабарласатындар...
"Виктория деп хабарласатындар көп". Әнші Бүркіттің жары есімін неліктен өзгерткенін түсіндірді
Фото:
Әлеуметтік желіден
Әнші Бүркіт пен жары Аиша "ХабарLike" бағдарламасында есімін өзгертуге қатысты сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесінің айтуынша, Бүркіт пен Аиша есімдері лақап ат емес.
"Шын есімім - Айбек, ал Аишаныкі - Виктория. Аиша ислам дінін қабылдаған соң осы есімді өзі таңдап алды. Осы уақытқа дейін Виктория деп хабарласатын адамдар көп. Маған Аиша есімі қатты ұнады. Осыны өзім таңдадым", - деді олар.
Бүркіт Аишаның неліктен қазақша үйренбей жүргенін түсіндірді.
"Көпшілік маған осы туралы жазып жатады. Аиша барлығын түсінеді, бірақ сөйлемейді. Қатты қысым көрсетпеймін. Қазір балалар қазақша үйретіп жатыр", - деді ол.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
А. Жайыққызы