Жетісу облысында анасынан зәбір көрген баламен психологтар жұмыс істеп жатыр. Мамандардың сөзінше, қазір бүлдіршіннің жағдайы жақсы, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.
Ал әкесінің айтуынша, төрт жасар баланы анасы үш айдан бері ұрып келген.
"Баланы үш айдан бері соққының астына алып келеді. Алғашында денесі көгергенін көріп, "мынау не?" деп сұрағанымда, "інісімен төбелесті" деп жауап берді. 17-сі күні қоғамдық резонанс тудыру үшін ұрып-соққан видеоны әлеуметтік желіге өзім тараттым. Полицияға да өзім барып шағым түсірдім. Енді тиісті жазасын алсын. Қазір екі балам да отбасын қолдау орталығында. Алайда балаларымды өз қолыма алғым келеді", - деді баланың әкесі Тайыр Құрбанжанов.
Айта кетейік, бұл оқиғаның видеосы көпшілікті дүр сілкіндірген еді. Қазір зардап шеккен бала мен оның бауыры отбасын қолдау орталығында.
Еске салайық, бұған дейін жағаұстатар жағдайға Жетісу облысы Полиция департаменті өкілі пікір білдірді. Тексеріс барысында 28 жастағы әйел кәмелетке толмаған баласына дене жарақатын салғаны анықталған.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!