Атырауда ер адам көпірден секіріп өлемін деп журналиске хабарласқан, – деп хабарлайды Polisia.kz.
30 қыркүйекте сағат 12:30 шамасында 31 жастағы қала тұрғыны жергілікті журналиске қоңырау шалып, "көпірден секіріп, өз-өзіме қол саламын, келіп видеоға түсіріңіз" деп айтқан.
"Бір адам маған қоңырау шалып, өзін-өзі өлтіру үшін көпірге бара жатқанын және сол сәтті видеоға түсіргенімді қалайтынын айтты", - деді ол.
Қоңырау тұтқасын қойған журналист бірден полицияға хабар берген. Атырау қалалық полиция басқармасының Жедел басқару орталығының қызметкерлері ер адамды көпір үстінен байқап, бірден жақын маңдағы патрульдік полиция қызметкерлеріне бағыттама берген.
Полиция келгенге дейін бұл ер адам көпірден өтіп бара жатқан автобустың астына түсуге тырысқан. Алайда автобус жүргізуші дер кезінде тоқтады. Қала тұрғыны сонда да автобустың астына кірмекші болды.
Тәртіп сақшылары ер адамды автобустың астынан шығарып, патрульдік көлікке отырғызды. Ол Атырау қаласының Полиция басқармасына жеткізілді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!