Қазақстандық алаяқтықтың жаңа түрі – видео қоңырауға шағымданған. Бұл жағдайға қатысты Tengri Life редакциясына ҚР ІІМ Киберқылмысқа қарсы күрес орталығы пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Редакция оқырманы оған өткен аптада күмәнді адамдар қоңырау шалғанын айтқан. Олар сөйлесу үшін ерекше формат – WhatsApp мессенджері бойынша видео қоңырау шалуды таңдаған.
"Ер адам қоңырау шалып, өзін ҰҚК (КНБ) қызметкері болып таныстырды. Өкінішке қарай, видео дыбыссыз жазылып қалды. Нөмірін сақтай алмадым", - деп жазған оқырман.
Ер адам редакцияға азаматтың форма киіп, кабинетте отырғанын көруге болатын скриншот жіберген. Үстелден Қазақстан туын байқауға болады. Сондай-ақ адамның қызметі мен тұлғалығын дәлелдейтін құжаттарға ұқсайтын қағаздарды да көруге болады.
Оқырман бұл күмәнді тұлғалардың қулықтарына сенбеген. Киберқылмысқа қарсы күрес орталығы бұл сұрақты бақылауға алғандарын айтты.
"Шетелдік әріптестерімізбен бірге тексеріс жүргізіп жатырмыз", - деп жауап берді ҚР ІІМ Киберқылмысқа қарсы күрес орталығының өкілі.
Сондай-ақ ведомствода соңғы кездері алаяқтар азаматтарды алдаудың әртүрлі әдістерін қолданатынын айтты.
"Мысалы, азаматтарға WhatsApp немесе Telegram арқылы құқық қорғау органдары қызметкерлерінің формасын киіп алған адамдар видео қоңырау шалады. Азаматтарды сендіру үшін олар мемлкеттік рәміздерді және ел басшылығының суреттерін қолданады.
Әдетте олар банк шоттарындағы күмәнді операциялар жайлы хабарлайды және алаяқтарды ұстау үшін арнайы операция жүріп жатқанын айтады. Сондай-ақ олар тексеріске көмектеспегеніңіз үшін жауапкершілікке тартылатыныңызды айтып қорқытуы да мүмкін", - деп жазылған орталық хатында.
ІІМ мұндай қоңыраулар кезінде не істеу керегін айтты:
Алаяқтық құрбанына айналмас үшін...
Алаяқтық құрбанына айналмас үшін мына қауіпсіздік шараларын сақтаңыз:
"Сізді құрылғыңызға AnyDesk, HopToDesk, TeamViewer және басқа да қосымшаларды жазып алу жайлы өтініш ойландыруы керек. Банктер, төлем жүйелері ешқашан өздерінің клиенттеріне шот мәліметтерін сұрап хат жібермейтінін және қоңырау шалмайтынын ұмытпаңыз", - деді ведомствода.
Оқи отырыңыз: Кредит төлей алмай жүргендердің ТОП 3 қателігі