- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Видео: Ақтауда полиция...
Видео: Ақтауда полиция көлігі аударылып кетті
Ақтауда полиция көлігі жол қиылысында өзге көлікпен соқтығысып, аударылып кетті. Жол апаты видеоға түсіп қалған, - деп хабарлайды "Лада".
Алдын ала болжам бойынша, жол апаты 10 қазанға қараған түні 11, 12 және 12а шағынауданы маңындағы "Мечта" сауда үйінің жанында сағат 02.00-де болған. Видеода полиция көлігі өзге көлікке соқтығысып, салдарынан аударылып кеткенін көруге болады.
Алдын ала болжам бойынша, екінші көлік жүргізушісі жарақат алған. Басылым Маңғыстау облысы Полиция департаментінен жауап күтіп отыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина