Бүгін парламент сенаты Қазақстанға вейптерді әкелуге және таратуға тыйым салатын заң жобасын мәжіліске қайтарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Құжатты денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев таныстырды.
"Заң халықты сапалы және қолжетімді медициналық көмекпен қамтамасыз ету, пациенттердің мемлекет кепілдік берген құқықтарын іске асыру, медициналық мамандықтың мәртебесі мен беделін арттыру мақсатында әзірленді", – деді ол.
Заң:
"Комитет заңның жекелеген баптарын мақұлдамауды және заңның көрсетілген баптарының жаңа редакциясын ұсына отырып, заңды мәжіліске қайтаруды ұсынып отыр. Салыстырмалы кестеде үш түзету бар. Бұл түзетулерге қарсылықтар бар ма? Ендеше мәселе дауысқа салынады.(депутаттар "жақтап" дауыс берді – ред. ескертпесі) Шешім қабылданды, жекелеген баптар мақұлданған жоқ, заң осы баптардың жаңа редакциясында мәжіліске қайтарылады", – деді cенат төрағасы Мәулен Әшімбаев.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!