- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Вейп сатқандарға қатысты...
Вейп сатқандарға қатысты бірінші қылмыстық іс қозғалды
Фото:
depositphotos.com
Оралда вейп сатқандарға қатысты бірінші қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Тәртіп сақшылары әлеуметтік желілерде вейп сатушының жарнамасын тауып алған. Вейпті сату бойынша сотқа дейінгі тергеу 23 маусымда басталды.
"Оларды сату әлеуметтік желілерде жарнама орналастыру арқылы жүргізілген, төлем банк қосымшасы арқылы қабылданды", - деп түсіндірді қадағалау органы.
Қала прокуратурасы бұрын осындай тауарларды сатумен айналысқан кәсіпкерлерді өз бизнесін қайта бағдарлауға және заңды бұзбауға шақырды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина