Вьетнамдықтар қазақстандық әуе компаниясын сатып алады

Вьетнамдықтар қазақстандық әуе компаниясын сатып алады
Фото: Qazaq Air

"Самұрық-Қазына" өкілі Елжас Отыншиев Qazaq Air қазақстандық әуе компаниясын вьетнамдық инвесторларға сату бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы мәлімет берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мәжілістегі үкімет сағаты барысында спикер Qazaq Air компаниясындағы үлесті сату шарттарын анықтау бойынша негізгі келіссөздердің аяқталғанын мәлімдеді.

"2024 жылдың 20 желтоқсанында экономика модернизациясы жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында негізгі шарттар мақұлданды. Жыл соңына дейін "Самұрық-Қазына" директорлар кеңесі мен Үкіметтің оң шешімі күтіліп отыр", - деді Отыншиев Мәжілісте өткен үкімет сағатында.

Оның айтуынша, вьетнамдық инвесторға екі негізгі талап қойылған.


"Бірінші - 2044 жылдың соңына дейін 38,4 миллиард теңге көлеміндегі қарызды өтеуді қамтамасыз ету. Екінші - бес жыл ішінде Boeing немесе Airbus өндірісінің 20 ұшағын сатып алуды, сонымен бірге бұл мерзімді екі жылға ұзарту мүмкіндігін қарастырылып жатыр. Бұл талаптарды орындау үшін вьетнамдық компания кепілдік беруге дайын", - деп толықтырды спикер.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

А. Бақдаулет