- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- шоу бизнес жаңалықтары
Вьетнамда Нұрлан Қоянбаевтың сыңары табылды

Нұрлан Қоянбаевтың вьетнамдық сыңары желі жұлдызына айналды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әлеуметтік желілерде саяхатшының қазақстандық шоумен және продюсер Нұрлан Қоянбаевқа ұқсайтын вьетнамдықты түсірген видеосы тарап кетті.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Видео 825 мыңнан астам қаралым жинап, қазақстандықтардың қызығушылығын тудырды. Желі қолданушылары вьетнамдық ер адам мен Нұрлан Қоянбаевтың ұқсастығына қатысты әзілдерді жарыса жазып жатыр.
"Нұрланның әкесі жас кезінде Вьетнамға барып кино түсірген ғой", "Енді осы жігітті Нұрлан Қоянбаев тауып алып, бір жаңа сценарий құрады", "Астанаға апарып, 2 ай ұстасаңдар, бұл да Нұрлан сияқты аппақ болады", "Тістеріне дейін ұқсайды екен", "Ешкімге айтпай, автобус жүргізушісі болып жұмыс істеп жүрген жоқ па", - деп жазған желі қолданушылары.
Еске салайық, Нұрлан Қоянбаев - ең танымал қазақстандық шоумен, актер, продюсердің бірі. Ол "Қазақша Бизнес" фильмдерінің танымал франшизасының арқасында танымал болды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
А. Жапатова