Вьетнамда қазақстандық қыз жоғалып кетті: СІМ жағдайға пікір білдірді

Вьетнамда Қазақстан азаматы жоғалып кетті. Ол 6 наурыздан кейін байланысқа шықпай қалған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жоғалған қыздың әпкесі әлеуметтік желілерде үндеу жариялады. Оның айтуынша, 26 жастағы Әсем Қазақстан консулымен кездесу үшін Ханойға ұшуды жоспарлаған. Алайда әуежайдан шамамен 20 шақырым жерде байланысқа шықпай қалған. 

Туыстарының сөзінше, жоғалар алдында Әсем қатты қорыққан, біреулер аңдып жүргенін айтқан.

Бұл жағдайға Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі өкілі пікір білдірді.

"Қазақстанның Вьетнамдағы елшілігі азаматтың туыстарымен байланыста және Вьетнамның құзыретті органдарымен өзара іс-қимыл жасайды. Қазір оның орналасқан жерін анықтау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жағдай ҚР СІМ бақылауында", - деп жазылған ведомство хабарламасында.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!