Вьетнамда жоғалған қазақстандық қыз табылды. Бұл туралы оның әпкесі әлеуметтік желіде мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қыздың әпкесі оны табуға көмектескен барлық құзырлы органға алғыс білдірді.
"Басқа пікір білдіре алмаймын. Ең бастысы ол табылды, консулдың жанында", - деді қыздың әпкесі Рузана.
Еске салайық, бұған дейін жоғалған қыздың әпкесі әлеуметтік желілерде үндеу жариялады. Оның айтуынша, 26 жастағы Әсем Қазақстан консулымен кездесу үшін Ханойға ұшуды жоспарлаған. Алайда әуежайдан шамамен 20 шақырым жерде байланысқа шықпай қалған.
Туыстарының сөзінше, жоғалар алдында Әсем қатты қорыққан, біреулер аңдып жүргенін айтқан.
Кейінірек бұл жағдайға Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі өкілі пікір білдірді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова