Вьетнамда денсаулығы нашарлаған қазақстандық арнайы ұшақпен елге жеткізілді

Вьетнамда денсаулығы нашарлаған қазақстандық арнайы ұшақпен елге жеткізілді
Фото: Видео кадры

52 жастағы ер адам Вьетнамда операциядан кейін инсульт алып, Астанаға жеткізілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ер адам отанына санитарлық авиация бригадасының көмегімен жеткізілді.

"Тасымалдауды Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының медициналық авиациясының мобильді бригадасы күшімен жүзеге асырылды. Бригаданың құрамында бүкіл әуе сапары барысында дәрігер Борис Сартаев пен фельдшер Ерулан Күндакбаев болды", – делінген ведомство хабарламасында.

Науқас Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығына орналастырылды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Бөлек
Logotype Massaget