Қазақстанның құқық қорғау органдарынан бой тасалап жүрген шетел азаматы экстрадицияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бас прокуратураның, Ішкі істер министрлігі Интерпол ұлттық орталық бюросының қызметкерлері Вьетнам Социалистік Республикасындағы Қазақстан елшілігінің қолдауымен халықаралық іздеуде жүрген шетелдік азаматты экстрадициялады.
Тергеу дерегі бойынша күдікті 2022-2023 жылдары сыбайласымен бірлесіп, Алматы қаласының аумағында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырып, нәтижесінде 12 миллион теңгеден аса қылмыстық пайда тапқан.
Қылмыс жасағаннан кейін екі сыбайластың біреуі қылмыстық жауапкершілікке тартылған, ал екіншісі қылмыстық қудалау органдарынан жасырынып, оған іздеу жарияланған.
"Ол биыл ақпанда Вьетнам аумағында ұсталып, Бас прокуратураның сұрауымен Қазақстанға экстрадицияланды. Күдікті тергеу изоляторына қамалды", - деп жазылған хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!