Вьетнам Фукуок аралынан Астанаға тікелей рейс ашады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Көлік министрлігі мәліметіне сілтеме жасап.
"Vietjet Air вьетнамдық әуекомпаниясы 2024-2025 жылғы күзгі-қысқы навигациясынан бастап А-330 типті әуе кемелерінде аптасына 2 рейс жиілігімен (сәрсенбі және сенбі) Фукуок - Астана бағыты бойынша тікелей тұрақты жолаушылар рейстерін ашуды жоспарлап отыр", - делінген хабарламада.
Қазақстан мен Вьетнам арасындағы әуе қатынасының ашылуы елдер арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететіні айтылған.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!