Ветеринарлық станцияның басшысы жұмыс орнында өзіне-өзі қол жұмсамақ болды

Желіде Жамбыл облысындағы аудандардың біріндегі ветеринарлық пункттің басшысы жұмыс орнында өзіне-өзі қол жұмсамақ болғаны туралы ақпарат тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа қарағанда ветеринарлық бекет басшысы сол қолының тамырын кескен. Сондай-ақ оның өміріне қауіп төніп тұрмағаны айтылады. Ол жедел жәрдеммен облыстық орталық ауруханаға жеткізілді.

Жамбыл облысының полиция департаменті ақпаратты растады.

Полиция суицидке итермелеу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

"Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық іс полиция бөлімі басшылығының бақылауында", - деп хабарлады ведомство.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!