- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Вера Ким Мәжілісі...
Вера Ким Мәжілісі депутаты болады
Вера Ким Мәжілісі депутаты болады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Amanat партиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Amanat партиясы саяси кеңесі бюросының қаулысымен Парламент Мәжілісі депутатының партиялық тізім бойынша бос мандаты Ким Вера Александровнаға берілді", - делінген хабарламада.
Тиісті шешім ҚР Орталық сайлау комиссиясына жіберілді.
Вера Ким 2021 жылдан 2023 жылғы қаңтарға дейін жетінші шақырылымдағы Мәжіліс депутаты болған. Ол Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі еді.
Еске салайық, Мәжіліс депутаты Ғалымжан Елеуов 31 тамыз күні депутаттық мандатын тапсырған болатын. Ол Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі болды. Кейін Президент Әкімшілігімен келісе отырып, Елеуов Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалғаны белгілі болды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
М. Лұқпан