Венесуэланың Ла-Гуайра өңірінде құтқарушылар жойқын жер сілкінісінен кейін үйінді астында 70 сағат жатқан 11 жастағы баланы аман алып шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Венесуэла президентінің міндетін атқарушы Дельси Родригес 2026 жылғы 28 маусымда жариялаған видеода каска мен жарық шағылыстыратын киім киген құтқарушылардың баланы үйінді арасынан түсіріп, зембілге жатқызған сәті көрсетілген. Құтқару жұмысы түнде шамдардың жарығымен жүргізілген.
"Жақында Карабальедада 11 жастағы бала тірі құтқарылды. Қазір әрбір аман қалған жан — Венесуэла үшін үлкен үміт", — деді Родригес.
Hace pocos minutos fue rescatado con vida un niño de 11 años en Caraballeda. En estas horas cada vida es esperanza para Venezuela. pic.twitter.com/Pjj5ETaaYe
— Delcy Rodríguez (@delcyrodriguezv) June 28, 2026
Бұған дейін, сол күні Ла-Гуайрада құтқарушылар Моисес есімді тағы бір 11 жастағы баланы үйінді астынан алып шыққан. Ол үйінді астында 70 сағат жатқан. Шамамен үш метр тереңдікте қалған балаға жету үшін құтқарушыларға алты сағат қажет болған.
"Моисес аман құтқарылды, қазір қауіпсіз жерде. Алты сағатқа созылған мұқият жұмыстан кейін құтқарушылар балаға жетіп, оны қауіпсіз жерге шығарды", — деді құтқару операциясына қатысқандар.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Massaget.kz