Венада алғашқы ұшатын көліктің тұсауы кесілді (видео)

Сәрсенбінің сәтті күні, 29 қазанда, австриялық "Aeromobil" компаниясы Венада өткен «Pioneers Festival» конференциясында алғаш рет жаңа ұшу қабілетіне ие "Flying Roadster 3.0" көлігінің тұсауын кесті.


Бұл әуекөліктің прототипі, шамамен, 25 жыл аралығында жасалынған. Қазіргі таңда, транспорт құралы байқау сынағында тұр. Бұл жаңалықтың жаршысы – бұрында BMW және «Audi» автомекемесінде жұмыс жасаған, қазір «Aeromobil» компаниясының бас-дизайнері Стефан Кляйн. «Flying Roadster» түзу жолда, орта есеппен алғанда, 160 км/сағатпен жүрсе, аспан алаңында 200 км/сағаттан астам жылдамдықпен ұша алады.

Көлік құрастырушылардың сөзіне қарағанда, бұл әуекөлік, негізінен, транспорт жүйесі әлсіздеу елдерге арналған. Бірақ, Қытай, Ресей және бірқатар Африка секілді елдерде ұшу қабілетіне жарамайтынын да айта кетті. Жоба әлі де, көптеген толықтыруды қажет еткендіктен, жаппай өндіріске қай уақытта шығатыны әзірге белгісіз.


"Flying Roadster" туындысының ең негізгі айырмашылығы, оның көлемінің кішілігінде. Қарапайым көліктер жүретін қара жолға емін-еркін сыяды. Сондай-ақ, көлік тұрағына еш қиындықсыз қоюға болады. Әуеде ұшатын көлік сағатына 15 литр жанармай жағады екен. Өндірушілер қауіпсіз ұшу құрылғыларының сапасының мықтылығына кепілдік беріп, сенім білдіріп отыр.

Өкінішке орай, ұшқыш көлік иесіне жол кептелісінен қашып құтылуына көмектесе алмайды. Әуеге көтерілуі үшін 50 метрлік асфальтты жол немесе қарапайым шөпті алқап қажет. Тік ұшу технологиясы әлі жетілдірілмеді, бірақ "Aeromobil" компаниясының инженерлерінің сөзіне сенсек, егер көлікке бұндай қасиетті енгізсек, жанармайды көп қажет ететін көрінеді.

Сурет: vinegret.cz, baku.ws