Аустриялық полицейлер Венада Дунай өзенінде 100 мың еуродан астам ақшаның қалай пайда болғанын анықтап жатыр, − деп хабарлады BBC.
Вена тұрғыны банкноталарды көріп, суға секірген. Оны көрген адамдар жігіт өз-өзіне қол жұмсағалы жатыр деп ойлап, полиция шақырыпты.
Тәртіп сақшылары оқиға орнына келіп, оның 100 және 500 еуро номиналындағы ақшаны теріп жүргенін байқайды. Енді бұл азаматқа ақшаны судан алып шыққаны үшін оның бір бөлігі берілуі мүмкін.
Аустриялық полиция бөлімшесінің баспасөз қызметі хабарлағандай, құқық қорғау органдарында Дунайдан табылған ақшаның заңсыз жолмен пайда болғаны туралы еш мәлімет жоқ.
Дереккөз: inform.kz