Қостанай облысында суға батып бара жатқан адамды құтқарған тұрғын марапатталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Лисаков қаласының тұрғыны Андрей Литвиненко учаскелік полиция инспекторы Данабек Игімбердиевпен бірге адам құтқарды.
23 тамызда кешке Октябрь кентінің жанында Тобыл өзенінің бір жағалауынан екінші жағалауына өтпек болған 39 жастағы ер адам абайсызда велосипедтен терең суға құлап кеткен.
"Данабекпен бірге әрекет еттік, ойлануға уақыт болмады, біз суға батып бара жатқан адамды жағаға аман-есен шығардық", - деді Андрей Литвиненко.
Көрсеткен батылдығы мен белсенді азаматтық ұстанымы үшін Андрей Литвиненко Лисаков қаласының полиция бөлімі бастығының грамотасымен марапатталды, сондай-ақ оған естелік сыйлық, қолсағаты табыс етілді.
Полиция қызметкері Данабек Игімбердиев кәсіпқойлығы үшін Конституция күнін мерекелеуге арналған алдағы іс-шарада марапатталады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз