Велосипедші тракторға соғылды: оқиға орнынан видео тарады

Велосипедші Медеу жолында тракторға соғылды. Әлеуметтік желіде оқиға орнынан видео тарап кетті, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жақында Алматыдағы "Медеу" спорт кешеніне апаратын жолдың бір бөлігінде велошабандоз зардап шекті. Оқиға жол жұмысы аймағында болды. Велосипедші ауыр жарақат алды: шынтағы зақымданып, иегі жыртылып, бірнеше тісі түскен. Жәбірленушіге екі ота жасалды, жақын арада тағы бір ота жасалады.

Жәбірленушінің айтуынша, ол апатқа түскеніне өкінеді. Енді ол бірнеше ай бойы оңалу керек, бұл кезеңде ол велосипедке міне алмайды.

Сондай-ақ жігіт бұл жол бөлігіндегі жөндеу жұмыстарына жауапты тракторшы мен мердігер компания өкілдерімен әлі кездеспегенін айтты. 

Алматы полиция департаменті қызметкерлерінің мәліметінше, тергеу басқармасы оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

"1 қазанда сағат 16:30-да Алматының Медеу ауданында Керей-Жәнібек хандар көшесінде трактор мен велосипед соқтығысты. Оқиға салдарынан велосипедші зардап шекті", – деп атап өтті полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!