Бразилиялық ғалымдар вегетариандық пен депрессия арасындағы байланысты анықтады. Journal of Affective Disorders журналында жарияланған зерттеуге сәйкес, ет жемейтіндер арасында депрессия диагнозы екі есе жиі қойылатыны байқалған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Талдауда түрлі тамақтану факторларын, соның ішінде жалпы калорияларды, ақуыздар мен микроэлементтерді және тағамды өңдеу деңгейі қарастырылған.
Ғалымдардың айтуынша, депрессияға ұшырағандар көбіне вегетариандық салтты ұстана бастайды, себебі бұл адамдарда негатив ойлар пайда болып, өздерін кінәлі сезінеді. Сонымен қатар, депрессияның дамуына тамақтану режимін бақылау да әсер етеді, ол сондай-ақ, басқа адамдармен және қоғаммен қарым-қатынасқа әсер етуі мүмкін.
Тамызда Лидс университетінің зерттеушілері вегетариан әйелдердің жамбас сүйектерінің сыну ықтималдығы 33 пайызға артқанын анықтады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!