Веб-кам жезөкшелікке ресми түрде тыйым салынады

Веб-кам жезөкшелікке ресми түрде тыйым салынады
Фото: pixabay.com

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Қылмыстық кодекске және Құқық бұзушылық туралы кодекске веб-камера студияларын ұйымдастыруға қатысты түзетулерге қол қойды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 24kg сайтына сілтеме жасап.

Түзетулер 2024 жылғы 26 маусымда қабылданды. Олардың мақсаты - арнайы платформа (веб-камера студия - еск.) арқылы тікелей эфирде (онлайн) интернет арқылы жезөкшелік пен азғындықты ұйымдастыру және онымен айналысудың заңсыздығын анықтау және осы әрекеттер үшін жауапкершілікті белгілеу.

Заңға қол қойылғаннан кейін интернетте тікелей эфир арқылы жезөкшелік пен азғындықты ұйымдастырып, насихаттағаны үшін жаңа жазалар - 100 мыңнан 200 мың сомға дейін айыппұл немесе үш жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы енгізіледі. 

Балаларды пайдаланып интернет арқылы жезөкшелікпен айналысу және оны насихаттау енді мүлкі тәркіленіп, 15 жылға бас бостандығынан айырылады.

Еске салайық, 5 қыркүйекте Қазақстанда "Адам саудасына қарсы күрес туралы" заң күшіне енеді. Оның аясында Қылмыстық кодекске қылмыстардың жаңа санаты пайда болады – адам саудасымен байланысты қылмыстар және жаңа ұғым – "жыныстық сипаттағы өзге де қызметтер", оның ішінде қашықтан нақты уақыт режимінде Интернет арқылы.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Бөлек