- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Вайнерлер Төребаев пен...
Вайнерлер Төребаев пен Шерниязовты қамауға алу мерзімі тағы ұзартылды
Танымал қазақстандық вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовты қамауға алу мерзімі тағы ұзартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
18 қазанда Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты шешім шығарғаны белгілі болды. Онда Төребаев қылмыстық іс материалдарымен әлі де танысып жатқаны айтылған.
"Сот шешімі бойынша, күдіктіні қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде бір айға, яғни 18 қарашаға дейін қамауда ұстау мерзімін санкциялау туралы тергеу органдарының өтініші қанағаттандырылды. Шешім заңды күшіне енген жоқ", - деді Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі өкілдері.
Сондай-ақ, сот бір күннен кейін Шерниязовқа қатысты қаулы шығарған. Оны да қамауға алу мерзімі тағы бір айға ұзартылған.
"Сот шешімі бойынша, күдіктіні қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде қамауда ұстау мерзімін бір айға, яғни 20 қарашаға дейін санкциялау туралы тергеу органдарының өтініші қанағаттандырылды", - деп толықтырды сот өкілдері.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина