- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Вайнерлер ісі: Төребаев...
Вайнерлер ісі: Төребаев пен Шерниязов аппеляциялық шағым түсірді
Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов аппеляциялық шағым түсірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бүгін Алматы қалалық сотының апелляциялық инстанциясы белгілі вайнерлерге қатысты қаржы пирамидасы ісін қарай бастады.
Апелляциялық сатыдағы сот отырысына жауапкерлердің өзі қатыспайды. Олардың мүддесін адвокаттары қорғайды.
Айта кетейік, былтыр 23 маусымда Алмалы аудандық соты танымал вайнерлерге Mudarabah Capital қаржы пирамидасы ісі бойынша үкім шығарған болатын. Айыпталушылар тарапында барлығы 12 адам болған.
Төребаев пен Шерниязов Қылмыстық кодекстің 217-бабы "Қаржы (инвестициялық) пирамидасын құру және басқару" бойынша кінәлі деп танылды.
Сонымен қатар, Алмалы ауданының соты вайнер Мейіржан Төребаевқа қауіпсіздігі ең төмен колонияда бес жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Мейірхан Шерниязовқа да дәл осындай жаза берілді. Қалған қатысушыларға 8 жылдан 14 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сонымен қатар, сот жәбірленушілердің 1 миллиард 861 миллион 752 мың 441 теңгеден аса сомадағы талабын қанағаттандырды.
Вайнерлер Төребаев пен Шерниязов қайда екені белгілі болды
Ал жуырда Бішкекте қаржы пирамидасын құрғаны үшін іздеуде жүрген қазақстандық ұсталды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова