- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Вайнерлер айыпталған оқиға:...
Вайнерлер айыпталған оқиға: іс сотқа жолданды
Алматы прокуратурасы танымал вайнерлерге қатысты қылмыстық істі сотқа жолдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Алматы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Алматы прокуратурасы ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында қаржы (инвестициялық) пирамидасын құру және оны басқару дерегі бойынша қылмыстық істі Алматы Алмалы аудандық сотына А. Құрманғалиев, Р. Бурканов, Д. Рахимова, Д. Ча, А. Рүстемов, Т. Касенов, С. Касенов, Н. Сұлтанбаев, М. Шерниязов, М. Төребаев, Б. Жармұхамед, Ерлан және Ержан Мансуровтарды айыптау бойынша қылмыстық істі сотқа жолдады.
Іс фигуранттары А. Ораз бен А. Саидбаевқа халықаралық іздеу жарияланды.
Қылмыстық іс аясында 41 жылжымайтын мүлікке, 3 автокөлікке, 9 банк шотына және 16 компанияның жарғылық капиталындағы түрлі үлеске тыйым салынды.
Іс бойынша айыптауды процестік прокурор қолдайды", - делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін танымал қазақстандық вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовты қамауға алу мерзімі ұзартылғанын хабарлаған едік.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек