Вайнер Мейіржан Төребаев үйінен колонияға оралды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Төребаев 17 мамырда колониядан шыққан болатын. Оған анасының сырқатына байланысты қысқа мерзімді еңбек демалысы берілген еді. Ал 27 мамырда ол жазасын өтеу үшін колонияға оралды.
Танымал вайнер Мейіржан Төребаев отбасымен қауышты
Айта кетейік, Төребаев пен Шерниязов Қылмыстық кодекстің 217-бабы бойынша кінәлі деп танылды. Олардың әрқайсы бес жылға сотталды.
Бұл іс бойынша қалған айыпталушылар 8 жылдан 14 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.
Еске салайық, бұған дейін вайнер Мейіржан Төребаев неліктен үйіне жіберілгені айтылды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз