TikTok-та варикозды толық жоятын керемет әдісі туралы видео шықты. Видео авторларының сөзінше, дәрігерлер бұл ақпаратты жасырады екен. Ал емделу үшін төрт-ақ ингредиент қажет: пияз, сарымсақ, бал және май. Алайда бұл дәлелденбеген болып шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі stopfake.kz-ке сілтеме жасап.
Видеода сарымсақ пен пияз шырынын сығып, оған бал мен май қосу керек екені айтылады. Алынған қоспаны зақымдалған тамырларға жағып, 3 сағат жүру керек екен. Роликті жасаушылардың айтуынша, бұл процедураны күніне 1 рет жасаса, тамырлар көп ұзамай қалпына келеді. Яғни, емнің нәтижесі қашан көрінетіні белгісіз.
Варикоз - аяқтың тіндерінде қан тоқырай бастағанда пайда болатын тамырлардың патологиялық кеңеюі. Бұл веноздық қақпақша функциясының өзгеруіне байланысты болады. Қан айналымы тамырлар арқылы төменнен жоғары, артериялармен жоғарыдан төмен қарай жүреді. Ол қақпақшалардың алдында кідіріп отырып жылжиды. Бұл қанның кері ағуын болдырмайды. Әдетте қан бір қақпақшадан екіншісіне еркін айналады. Егер тәртіп бұзылса, сұйықтықтың белгілі бір бөлігі төмен түсуі мүмкін. Олай болса, веноздық қан қысымы көтеріліп, тамырлар кеңейіп, деформацияланады. Осылайша варикоз пайда болады.
Варикозды емдеу кешенді түрде жүргізілуі керек. Хирургияның негізінде, ал консервативті әдістер көмекші ретінде көп қолданылады.
Халықтық емдеу құралдары, дәріханадан алынған майлар ауырсынуды уақытша ғана басады. Күн сайын жақпа жақсаңыз да, қақпақшалар дұрыс жұмыс істемейді. Ал ауру өрши түседі.
"Интернетте варикозды аралармен, сүліктермен, алма сірке суымен және балшық ванналарымен емдеуге болатын рецептілер бар. Бұл әдістердің барлығы жағдайды қиындатып, орны толмас салдарға әкелуі ықтимал. Денсаулық мәселелерінде блогерлердің сөзіне сенбеген жөн. Халықтық ем-домның қарсы көрсетілімдері болмаса да, дәрігердің кеңесі қажет. Пияз, сарымсақ, бал және сары май қоспасы варикозды толығымен емдейтіні ғылыми тұрғылан дәлелденбеген", - деп жазылған басылым мәліметінде.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!