• 521.98
  • 490.7
  • 5.16

"Вандализм - тәрбиенің деңгейі". Жеңіс Қасымбек астаналықтарға үндеу жасады

"Вандализм - тәрбиенің деңгейі". Жеңіс Қасымбек астаналықтарға үндеу жасады
Фото: instagram.com/jenis_qasymbek

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек елорда тұрғындарына үндеу жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қала әкімі Instagram-парақшасында кейбір астаналықтардың ақылға қонымсыз әрекеттерін көрсетті. 

"Қаламызды жақсарту үшін тұрғындармен күн сайын бірлесе жұмыс істейміз. Абаттандырып, қолайлы ете түсеміз. Дегенмен, өкінішке қарай, вандализм мен мәдениетке сай келмейтін әрекеттер бар. Кейбір азаматтардың ақылға қонымсыз әрекетінен жалпықалалық мүлікке зиян келеді: аялдамаларды, орындықтарды, аулаларды бүлдіреді, қоқыс жәшіктерін төңкеріп тастайды және т.б. Осылайша қаланың өзге де тұрғындары мен қонақтарына сөз тиеді", - деп жазған ол. 

Әкімнің айтуынша, биыл 8 айда елордада қоғамдық тәртіпті бұзудың 10 мыңнан аса жағдайы тіркелді.

"Вандализм - бұл жеке мәдениет пен тәрбиенің деңгейі. Әрі бұл сыннан кез келген адам өте бермейді. Қалада қандай жұмысты қолға алсақ та, адамдарға ыңғайлы болу үшін орындаймыз. Жалпыға ортақ қала мүлкін бүлдіру арқылы құқықбұзушылар елорданың өзге тұрғындары мен қонақтарына қолайсыздық тудырады. Дәл осы көшеде олардың жақындары мен туыстары жүреді. Биыл 8 айда ғана елордада қоғамдық тәртіпті бұзудың 10 мыңнан аса жағдайы тіркелді. Қаламыз полициямен бірлесіп, қоғамдық тәртіпті сақтауға және құқықбұзушылықтың алдын алуға бағытталған жүйелі жұмыс жүргізіп жатыр. Тәртіп сақшылары күн сайын қаланы күзетіп, тәртіп бұзушыларды анықтайды", - деп жазған ол. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Жеңіс Қасымбек (@jenis_qasymbek)

Жеңіс Қасымбек қалада камераларды көбейтетін айтты.

"Қаламызда жыл сайын камералар санын көбейтетін боламыз. Құқық бұзылғаны үшін қашанда жаза бар екенін ұмытпаған жөн. Елорда тұрғындары мен қонақтарын қаламызға ұқыппен қарауға шақырамын! Бұл қалада жақындарымыз, туыстарымыз және өзіміз өмір сүреміз!" - деп жазған ол. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Бөлек