"Вальс билесе таңғалмаймын". Дінтанушы тойда Құран қосқандар туралы айтты

"Вальс билесе таңғалмаймын". Дінтанушы тойда Құран қосқандар туралы айтты
Фото: pixabay.com

Нұр-Мүбарак ректорының ғылыми кеңесшісі, Ислам тәпсірі ғылымының докторы, философ Мұхитдин Исаұлы тойда Құран қосқандарға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Мұның бәрі "әй дейтін әже қой дейтін қожаның" жоқтығынан. Өткенде бір жерде скрипка ойнатылып, Құран оқытылып жатыр, бір жерлерде топ болып музыкамен Құран оқып жатқанын да көрдік. Енді тойда "жар-жардың" орнына Құранды тыңдатып отыр. Сонда біздің бабаларымызды Құранды білмеді дейсіздер ме? Әлде соншалық Құрансыз өмір сүрді деп ойлайды мекен? Тіпті Мұхаммед пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өзі де той болған уақытта ән айтып, дауылпаз ойнап, жырламайсыңдар ма дейтін болған. Сондықтан неке қиылғанда ғана Құран оқытылады, алайда "Әәмәнәр-расул" секілді ауыр аяттар оқылмайды. Бабалардың жолын ұстанбағандықтан осылай болып жатыр. Күндердің бір күні скрипка тартып, вальс билеп Құран оқып жатса таңғалмаймын", - деді дінтанушы. 

Еске сала кетсек, Жаңаөзенде болған тойлардың бірінде жас жұбайлар "жар-жардың" орнына "Бақара" сүресінің 2-аятын қосып шыққан.

@27kz27

Тәңіршілдер фасц фасц))

♬ оригинальный звук - АККАУНТ САТЫЛАДЫ

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Ордабаев