- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Вакцинация органдар жұмысының...
Вакцинация органдар жұмысының бұзылуына әкелетіні рас па?
Әлеуметтік желілерде COVID-19-ға қарсы вакцинация ішкі органдардың жұмысының бұзылуына әкеледі деген ақпарат тарады. Мұны неміс ғалымдары дәлелдеп, вакцинацияланған адамдарда лимфоцитарлы бүлік дамитынын анықтаған. Бұл рас па? Stopfake.kz сайты тексеріп көрді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Таралған ақпаратта Арне Бургардт және Вальтер Ланг есімді екі неміс дәрігері туралы айтылады. Бұл екеуі де COVID-19 қарсы вакциналардың зияны туралы негізсіз мәлімдемелерден кейін Желіде танымал болған зейнеткер дәрігерлер. Атап айтқанда, олар вакциналар бедеулік тудырып, ерлердің өліміне әкеледі деген.
Бургардт пен Ланг өз "жаңалықтарының" көп бөлігін 2021 жылдың қыркүйегінде өткен конференцияда айтқан. Олар СOVD-19 қарсы вакцина алғаннан кейін 14 күн ішінде қайтыс болған адамдардың мәйіттерін тексерген. Барлық жағдайларда өлімге вакцина ғана себеп болғаны анықталған екен.
Бұл ретте дәрігерлердің жұмысы жазбаша түрде ресімделмеген және олардың ешқайсысы зейнеткер бола тұра денелерді қалай алғаны, өлімнің себептерін анықтау үшін қандай әдістерді қолданғаны, барлық пациенттердің өліміне вакцинация себеп болды деп санауға не итермелегені, пациенттерде созылмалы аурулар болды ма және т.б. сұрақтарға жауап берген жоқ. Демек, мұндай "зерттеуге" сенуге болмайды, өйткені екі зейнеткер де расталмайтын мәлімдемелер жасаған.
Таралған хабарламада қолданылатын "лимфоцитарлық бүлік" термині медициналық емес және ғылыми әдебиеттерде қолданылмайды. Орыс тілінде оны тек пайдаланушылар Бургардт пен Лангтың "жаңалықтары" туралы айтатын форумдарда және әлеуметтік желілерде ғана кездестіруге болады.
Яғни "лимфоцитарлық бүліктің» не екені түсініксіз. Лимфоциттер – бұл иммундық жүйеміздің бөлігі болып табылатын лейкоциттердің бір түрі. Лимфоциттер В жасушалары мен Т жасушаларына бөлінеді. Алғашқылары ағзаға енген вирустар мен бактерияларға төтеп беріп, жояды. Екіншісі бактериялар немесе вирустар әсер еткен ағзаның өз жасушаларымен күреседі. Бұл жасушалардың жұмысын тоқтату немесе олардың дұрыс жұмыс істемеуі "бүлік" дегенді білдіре ме, белгісіз.
Демек, Қазнетте тараған ақпаратқа сенуге болмайды. Ол екі зейнеткер дәрігердің күмәнді тұжырымдарына және түсініксіз тұжырымдарға негізделген.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина