Елімізде соңғы кездері қызылша, көкжөтел аурулары асқынып барады. Тіпті жыл басында қызылшадан екі бала көз жұмып, 15 бала аса ауыр жағдайда ауруханаға түскен еді. Себебі не? Шешімі қандай? Мәселеге қатысты Massaget.kz тілшісі ресми органнан жауап алды.
Естеріңізде болса 2023 жылы Біріккен ұлттар ұйымының балалар қоры ЮНИСЕФ, Қазақстан қызылшаның таралуы бойынша әлемде бірінші орында тұрғанын хабарлап жаға ұстататар жаңалығымен бөліскен еді. Кейінгі мәліметтер де көңіл көншітпейді. Соңғы кезде бұл кеселді жұқтырғандар саны елімізде 20 мың 200 адамға дейін өскен. Өршіген аурулар тізімінен көкжөтел де жылт етеді. Оны жұқтырғандар саны соңғы уқытта 120 есе өскен. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 2022 жылы көкжөтелдің 3 жағдайы, 2023 жылы 393 адам тіркелген.
Министрлікке қарасты Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті аурудың өршуі вакцинадан бас тартқандардың артуымен тығыз байланысы барын айтады.
Өкінішке орай, бүкіл әлемде де, елде де вакцинациядан бас тартудың өсу тенденциясы иммундалмаған адамдар тобының көбеюіне және вакцинацияланбаған адамдар арасында түрлі аурулардың тарауына ықпал етеді. Бұл қазіргі эпидемиологиялық жағдайға кері әсерін тигізеді. Соңғы бес жылда 41 мың адам профилактикалық екпеден бас тартты.
- 2019 жыл – 6003 жағдай
- 2020 жыл – 7403 жағдай
- 2021 жыл – 7255 жағдай
- 2022 жыл – 7145 жағдай
- 2023 жыл – 14026 жағдай
Комитет осы тұста ақпараттық күрес есебінен 14 мың (33,7%) адамды вакцинация алуға қайта көндіріпті. Вакцинадан бас тартудың 60% жеке бас сенімімен, 20% діни себептер, 14% вакциналарға сенімсіздік себебінен, 6% - интернет желісінде теріс ақпараттардың негізінде екпе салдырмаған екен.
Комитет екпе салмағандардың көбі ауырғанын алға тартады. Оның ара-салмағында вакцинадан бас тарқандардың үлесі басым.
Қызылшамен ауырғандардың 83%-да вакцинацияланбаған балалар ауырды, оның ішінде вакцинациядан бас тарту себебінен – 58% бала. Сонымен қатар көкжөтелмен ауырғандардың ішінен 88% вакцинацияланбаған балалар, оның 63% екпеден бас тарту себебінен.
Әрине елімізде вакцинациялау мәжбүрлі емес. "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы 77 - бабына сәйкес елімізде әр азаматтың профилактикалық екпелерді алуға келісім беруге немесе олардан бас тартуға құқығы бар. Дегенмен екпе салынбағандар қатары артып бара жатқаны алаңдатады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!