- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Вакцина салдырған адамдардың...
Вакцина салдырған адамдардың тілінде қара дақ пайда болатыны рас па?
Әлеуметтік желіде вакцинацияланған адамдарда "қара түкті тіл" деп аталатын жаңа өсіндер шығады деген ақпарат таралды. Stopfake.kz басылымы бұл жалған ақпарат екенін дәлелдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Желіде тараған ақпарат бойынша, мұндай өскін жазушы Джули Пауэллдің тіліне шығып, кейін ол қайтыс болған.
Ал қара түкті тіл - бұл уақытша және зиянсыз ісік. Бұл жағдайда адамның тілі қараяды және түкті болып көрінеді, бірақ ешқандай түк болмайды. Тілдегі бүртіктерден осындай әсер қалыптасады, олар бұзушылық салдарынан өлі жасушаларды жоюды тоқтатып, көлемі жағынан ұлғаяды. Бұған ауыз қуысы гигиенасын сақтамау, көп темекі шегу, алкоголь, шай мен кофені шамадан тыс тұтыну, антибиотиктерді қолдану себеп болуы мүмкін.
Қара түкті тіл COVID-19-бен ауырған адамдарда дамыған жағдайлар тіркелген. Хабарламада жазушы Джули Пауэллге қыркүйек айында COVID-19 диагнозы қойылғаны айтылады. Бұл туралы ол өзінің Twitter парақшасында хабарлаған.
Джуди Пауэлл 26 қазанда өз үйінде қайтыс болған. Оның өліміне жүрек ұстамасы себеп болды.
Айта кетейік, бірде-бір дәрігер Пауэллдің жағдайын және оның өлімінің себебін COVID-19 қарсы вакциналармен байланыстырмаған. Жазушының вакцина салдырғаны рас, бірақ бустерлік дозаны алмаған, себебі COVID-19 диагнозы қойылғандықтан, үш ай өткен соң ғана егілуге болады.
Оның жүрек ұстамасынан қайтыс болғаны туралы күйеуі Эрик Пауэлл хабарлады.
Ол вакцинация туралы және жүрек ұстамасына егілу себеп болды деп айтпаған.
Қара түкті тіл - COVID-19 қарсы вакциналардың жанама әсерлерінің тізімінде жоқ. Демек, таралған ақпарат дәлелсіз. Ал вакцинацияланған адамдардың тілінде жаңа өскіндер болады деген теория - фейк.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина