Вадим Шарлаимов семсерлесуден әлем кубогының кезеңінде қола жеңді

Вадим Шарлаимов семсерлесуден әлем кубогының кезеңінде қола жеңді
Фото: ҰОК

Қазақстан құрамасының өкілі Вадим Шарлаимов Швейцарияның Берн қаласында өтіп жатқан семсерлесуден әлем кубогы кезеңінде қола медальға ие болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Отандасымыз шпагадан ерлер арасында өткен жекелей сында үздік үштіктен көрінді.

Вадим Шарлаимов жартылай финалға дейін жетіп, кем дегенде қола жүлдені қамтамасыз етті.

Финал жолдамасы үшін өткен кездесуде қазақстандық спортшы Венгрия өкілі Гергей Шиклошимен кездесті.

Бұл айқаста венгриялық семсерлесуші 15:4 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, Шарлаимов жекелей сындағы жарысты үшінші орынмен аяқтады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget