- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ұзынағаштағы атыс: куәгерлер...
Ұзынағаштағы атыс: куәгерлер оқиғаның мән-жайын айтты
Алматы облысының полицейлері Ұзынағаштағы атысқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Мassaget.kz.
Куәгерлердің айтуынша, кісі өліміне дейін тараптар арасында ұзаққа созылған араздық болған.
"Төбелес шығарған қос тарап мектеп қабырғасынан бастап араз болып, бүгінге дейін бір-бірін жаратпай келген. Соңғы жанжал кезінде күдікті атыс қаруын қолданған. Салдарынан біреуі қайтыс болып, қалған екеуі жарақат алды", - делінген хабарламада.
ҚР ІІМ Ұзынағаштағы ер адамның өліміне қатысты тергеу ерекше бақылауға алынғанын мәлімдеді. Қазір өңір полицейлері күдіктілерді іздестіру бойынша арнайы іс-шаралар өткізіп жатыр.
Еске салайық, 4 тамызда сағат 16:20 шамасында үш жергілікті тұрғын оқ жарақатымен Ұзынағаш ауылының ауруханасына түсті, олардың біреуі жансақтау бөлімінде көз жұмған болатын.
Г. Досымшалова