Жақында танымал қазақстандық әнші Мақпал Жүнісова жаңа әнін жарыққа шығарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жүнісованың орындауындағы жаңа ән "Жетінші түйсік" деп аталады. Әннің сөзін жазған танымал ақын Мұхтар Шаханов болса, әнін жазған - Молбай Қазыбаев.
Мақпал Жүнісова әнді арнайы барып Ғазизхан Шекербектің студиясында жаздырған. Бүгін ғана жарыққа шыққан ән тыңдарман тарапынан жылы қабылданып үлгерді.
Тыңдармандар Мақпал Жүнісова, Мұхтар Шаханов, Ғазизхан Шекербектің туындысына қарап өнер иелерін "үздік үштік" деп бағалаған.
"Турашыл және шыншыл ақынымыз Мұхтар Шахановтың шығармашылығындағы өлеңдер жүректен-жүрекке жетеді. Орындаушысы, яғни Мақпал әпкенің даусы әнге шырай беріп тұр", "Ұзақ өмір сүріңіз, қандай керемет мағыналы ән, тамаша орындау Мақпал ханым елдің алғысына бөленіп, аман есен жүре беріңіз" деп пікір қалдырып жатыр желі қолданушылары.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!