Әлеуметтік желіде Гүлнұр Оразымбетованың туған күніне ән арнаған әріптесі Маржан Арапбаеваның дауысы көпшілікті таңғалдырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әріптесі әншіні "ұзатып жатырмыз" деп әзілдеп, "Гаухартас" әнін шырқады.
"Маржан десе,Маржан. Ортамыздың “мерекесі”. Ұзатып жатырмын,дей ма? Достарым менің алтын ғой", - деп жазды Гүлнұр Оразымбетова.
Желі қолданушылары "керемет, табиғи дауыс", "өзі де керемет", "дауысын тыңдай бергің келеді", "нағыз әнші", "керемет дауыс, от қой", "дауысы керемет, бояусыз", "Маржан, керемет, дауысы күшті" деп жазды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!