Танымал әнші Қыдырәлі Болманов 24 жыл бұрынғы тойының видеосын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесінің сөзінше, сол кезде алғаш "Аяулым" әнін бірге айтқан.
"1999 жыл. Мен күйеу баламын. Қарақаттың ұзату тойынан естелік… Бірге айтатын алғаш әніміз, "Аяулым", - деп жазған әнші Желіде.
Желі қолданушылары әдемі жұпқа жылы лебіздерін жазған.
"Ұлытаудың ұлары жарайсыз! Жерлес ағам! Сіздермен мақтанамыз! Алла сіздерге ақ сақалды ата, ақ жаулықты әже болуларыңызға нәсіп етсін!", "Не деген естелік. Керемет. Қыдырәлі-Қарақат бақыты болыңдар", "Әдемі жұпсыздар", "Жарасымды жұпсыз, бақыттарыңыз баянды болсын!" - әлеуметтік желіде пікір білдіргендер.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!