- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Ұзата алмай қалдым"....
"Ұзата алмай қалдым". Салтанат Бақаева ыңғайсыз жайт туралы айтты
Әнші Салтанат Бақаева туысының ұзату тойына бара алмай, ыңғайсыздыққа тап болғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы өнер иесі Instagram-парақшасында бөлісті.
"Жақында туыстарымыздың тойына арнайы қыз ұзатуға ұшаққа мініп үлгермей, ұзата алмай қалдым… Иә, осындай сәтті де бастан кешірдік. Не істерімді білмей, қатты ыңғайсыздандым. Кетпейін десем, балам үйде ауырып, мазасызданып жатыр… Сонымен кеттім!.. Ойымда кінәні асабадан, сосын тілекті ұзақ айтқандардан көрдім, бірақ кейін ешкім кінәлі емес, ол Алланың қалауы екенін түсіндім. Демек, осылай болуы керек! Осыған байланысты Орекеңнің "человек предполагает, Бог располагает" деген сөзі дөп түсіп тұр. Алла тағаланың өзі "Жұмысты қой, балаңа қара! Қарамасаң, өзім қаратам" деп тұр-ау… Дер кезінде тәубамызға келіп, бала-шағамызды ойлайық. Мен сияқты жұмыстан өлгендерге айтарым осы. Шынымды айтайын, ешкім мені "бар, жұмыс істе" деп қуып жатқан жоқ, өзім сондай мазасызбын. Мен сияқтылар бар ма? Осы бізге не жетпейді екен?" - деп жазған әнші парақшасында.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Желі қолданушылар әншіні түсінетінін айтып, пікір қалдырған.
"Бәріміз сондаймыз, үйде отыра алмаймыз", "Сабыр, қанағат етіңіз! Бәріне шүкір деңіз", "Мен де сол қатардамын. Біреу исте деп айтпаса да, 2-3 жұмысты қатар алып жүрем. Кейде балаларыма көңіл бөлмейтініме өзімді кінәлі санаймын", "Айтпа, сол ешкім қинамайды. Бірақ, қазір жұмыс істемесең таза тіленші боласың", "Ең бастысы, балаларымыз ауырмасын, жұмыс істеп үлгереміз", - деп жазған пікір қалдырғандар.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек